Егемен академиясы



Жас журналистерге арналған оқу-тәжірибелік жоба

Жоба туралы


«Егемен академиясы» – Медиа қызметкерлеріне және студенттеріне білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік беретін оқу алаңы.


Жобаның мақсаты: қазақтілді басылым мамандарының білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту.


Жобаның ерекшеліктері

• Академия жиыны аптасына бір рет өтеді

• Лекциялар мен семинарлардың ұзақтығы – 45 минут

• Бір маусым үш айға созылады

• Маусым соңында сертификат беріледі

• Лекциялар мен семинарларды журналистика шеберлері жүргізеді

Біздің артықшылығымыз

Қатысу тегін

Егемен академиясының cабақтарына қатысуға ақы алмаймыз

Сабақ аптасына бір ғана рет

Бір маусым үш ай созылады және бар-жоғы он екі сабақтан тұрады. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут

Жұмысқа орналасу мүмкіндігі

Үздік қатысушыларды арнайы тізімге қосып, маманға мұқтаж баспасөздерге ұсыным білдіреміз

Газет бетіне мақала шығару мүмкіндігі

Сабақ барысында алған білімі мен тәжірибесін мақала жазуда қолдана алған қатысушылардың мақаласын «Егемен Қазақстан» газетінде жариялау мүмкіндігі бар

Жиі көрмейтін шеберлермен жолығасыз

Қоғамдық лекция беріп, түрлі шараларға қатысуға уақыты бола бермейтін журналистика шеберлері лекция оқиды

Біліктілік сертификаты

Маусымның соңында сабақтардан қалмаған қатысушыларға Егемен академиясының арнайы сертификаты беріледі

Жоба спикерлері

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі
Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі
Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы
Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы
Ғабит Мүсіреп, журналист
Ғабит Мүсіреп, журналист
Мұхтар Сеңгірбай, журналист, конфликтолог
Мұхтар Сеңгірбай, журналист, конфликтолог
Асқар Омаров, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры
Асқар Омаров, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры
Сауытбек Абдрахманов
Сауытбек Абдрахманов
Талғат Батырхан
Талғат Батырхан
Қорғанбек Аманжол
Қорғанбек Аманжол

Семинарға тіркелу

Келесі семинар уақыты

15:30

24

/ 05 / 2018

Пікір

«Егемен Қазақстанда» жиналған тұңғиық терең білімді қалам иелерінің жас буынымен бөлісу – қазақ баспасөзінің қара шаңырағына жүктелген тарихи миссия. Біз «Егемен академиясы» жобасы арқылы осы миссияны абыроймен атқарғымыз келеді.

Теорияны университет үйретіп, тәжірибені кәсіби мекеме берсе, бұл білім алудың классикалық үлгісі болмақ. Қазақ баспасөзінің ұстаханасына айналған «Егемен Қазақстанның» бұл бастамасы біздің студенттерімізге пайдалы болатыны анық.   

Егер біздің дәрістеріміз ең болмағанда бір журналистің тағдырына оң әсер етсе, талпынысымыздың зая кетпегені. Баспасөзде жүріп жиған тәжірибемізді жас мамандармен бөлісу біз үшін қашанда зор мәртебе.  

Фотогалерея

Астана қаласы

«Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13
Тел: +7 (7172) 37-19-87
info@egemen.kz